Ғылыми зерттеу жұмыстары

2015-2016 оқу жылында «Инжиниринг» кафедрасында БҒМ ҒК-нің гранттық қаржыландыруымен т.ғ.д.,проф. А.У.Айтқұловтың жетекшілігімен «Қиын бөлінетін қорлары бар кенорындарынан көмірсутектерді өндіруді арттыру» тақырыбында бір жоба іске асырылды.

2016-2017 оқу жылында «ЭХТ» кафедрасында БҒМ ҒК-нің гранттық қаржыландыруымен «Дәстурлі сұлба бойынша байыту мақсатында техногендік минералдық түзінділер мен аралас тотыққан рудаларды (кендерді) сульфидтендіру технологиясының физико-химиялық негіздері» тақырыбында бір жоба іске асырылды. ЮМ ( РГП на ПХВ?) Ұлттық зерделік меншіктеу институтына «Тотыққан мыс кендерін өңдеу әдісі» тақырыбында ҚР патентіне сұраныс берілді. Кіріс номері № 2016-35904,мерзімі – 21.10.2016.

2015-2016 оқу жылында Импакт-факторы бар рейтингті журналдарда жарияланған мақалалар саны – 6 (Кенжетаев Г.Ж., Махамбетова Р.К., Серікбаева А.К., Бисембаева К.Т., Каражанова М.К., Сарбупеева М.Д.). 2016-2017 оқу жылында Импакт-факторы бар рейтингті журналдарда жарияланған мақалалар саны – 2 (Серікбаева А.К., Каражанова М.К.)

2015-16 оқу жылы 5, 6 қарашада экология мамандығы бойынша облыстық экологиялық олимпиада болып, 5 студентіміз қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша 4 курс студенті Чалах Талшын 2-Чалах Талшын 2-ші орынды жеңіп алды.2016 жылдың 7-8 сәуірінде студенттер арасында Республикалық пәндік олимпиада өтті. Бұл олимпиадаға «Мұнайгаз ісі» және «Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандықтарының 3 курс студенттері қатысты. Нәтижесінде «Мұнайгаз ісі» мамандығы бойынша НД-13-1 тобының студенті Бисембаева А.3-ші орын, «Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығының ГРМПИ-13-1 тобының студенттері Демегенов А. 2-ші орын, Ондабаева Ф. 3-ші орынды иеленді.

2016-2017 оқу жылында «ЭХТ» кафедрасының студенттері келесідей ғылыми іс-шараларға қатысты: «Нұр Отан» партиясы 2016ж. 13-15 қазан аралығында жас өнертапқыштарды қолдау және олардың перспективалы жобаларын алға ұмтылдыру мақсатында «NURINTECH» – инновациялық жобаларының Республикалық жастар конкурсын өткізді. Эксперттік сараптау нәтижесі бойынша конкурсқа қатысу үшін берілген 700 сұраныстан, тек – 30 жоба екінші кезеңге өтті. МНЭ-16 тобының магистранттары Оразова Лаура мен Жақанова Самал т.ғ.д.,профессор Ғ.Ж.Кенжетаев пен PhD докторы, доцент С.Сырлыбекқызының жетекшілігімен осы конкурстың ақтық сайысына өтті. Астана қаласында 8-9 қазан аралығында конкурстың 2-ші кезеңі өтті. Магистранттар сайыс бағдарламасына сәйкес «Жылудың табиғи көздерінің есебінен жүргізілетін ,құрамында мұнайы бар топырақты, микробиологиялық тотықтыру арқылы рекультивациялау» атты ғылыми жаңалықтарының макетін (сұлбасын) ұсынып, презентация жасады. 30-31 мамыр аралығында Атырау қаласында SPE мұнайшы – инженерлер қоғамының 20-жылдығына орай өткізілген «Atyrau Student Networking» студенттердің халықаралық симпозиумына НД-13-1 тобының студенті Е.Балғазиев қатысып, «Technology of production and pumping of oil using the magnetic flied and ultrasonic vibrations» тақырыбында баяндама жасады.

2016 жылдың 27 желтоқсанында «Renaissance» қонақ үйінде Ақтау қаласының облыстық «Жыл студенті-2016» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау болды. «Yessenov University»-дің «Мұнай және газ» факультетінің білім алушысы, «Жас ғалым» номинациясы бойынша «Экология» мамандығының 1-ші курс магистранты Оразова Лаура жеңіп алды.

2016-2017 оқу жылының 2-ші қарашасында студенттер арасындағы облыстық экологиялық оимпиадаға 5В060800-«Экология» мамандығынан 9 студент қатысты. Олимпиада нәтижесі бойынша 1курс студенті Абубакирова Зере және 2 курс студенті Исенбай Аида 1-ші орын, 4 курс студенті Азен Айдана және 3 курс студенттері Есенбаева Жайна, Бекболат Әсел, Есмурзаева Гулбану және 2 курс студенті Наурызова Наргиз 3-ші орындарды жеңіп алды.

ЭХТ кафедрасының білім алушылары 2016-2017 оқу жылындағы халықаралық деңгейдегі олимпиадаға қатысты.Астана қаласындағы Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінде 3-4 сәуірінде студенттер арасында өткен халықаралық экологиялық олимпиадаға 5В060800-Экология мамандығының 3 курс студенттері қатысып, нәтижесінде 3 курс студенті Есенбаева Жайна, Есмурзаева Гулбану және 2 курс студенті Исенбай Аида 3- орындарды иеленді.

НГМ кафедрасының студенттері М-14-2 тобыны Борисов Максим, Наубетов Орынбек, Бейсен Нурсултан 2017 жылдың 19-21 сәуірде Қостанай қаласында өткен Республикалық пәндер олимпиадасының «Машиностроение» мамандығы бойынша қатысып, Бейсен Нұрсұлтан 3-ші орынды жеңіп алды.

2017 жылдың 5-7 сәуір аралығында Орал қаласында өткен Республикалық пәндер арасындағы олимпиадаға «Мұнайгаз ісі» мамандығының 3 курс студенттері қатысты. Нәтижесінде НД-14-1 тобының студенті Шотаева Э 2-ші орын иеленді.

2018 жылдың сәуір айының 3-4 аралығында Қызылорда қаласы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 5В070800-Мұнай газ ісі мамандығы бойынша Х Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өтіп, Қазақстанның барлық ЖООнан 7 команда қатысқан. Yessenov University атынан 5В070800-Мұнай газ ісі мамандығының 3 курс студенттері Алдабергенова Әсемгүл Нұрғалиқызы, Асхатов Мейіржан Асхатұлы, Есжанова Айдана Боранбаевна қатысып, жоғары білімі мен біліктілігін көрсетті.Есжанова А.Б. 2 дәрежелі орын, Асхатов М.А. 3 орын иеленді.

2018 жылдың наурыз айының 28-30 аралығында Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның барлық ЖОО 26 команда қатысқан 5В060800-Экология мамандығы бойына X – Республикалық пәндік олимпиаданың II–этапы өтті. Yessenov University атынан жоғары білімі мен біліктілігін көрсетіп, «Үздік жоба» номинациясы бойынша 3 орынға ие болған 5В060800-Экология мамандығының 2,3 курс студенттері Ұлықпанова Мадина, Наурызова Нарқыз, Сарсенбаева Анеля қатысты.

«Инжиниринг» факультетінде ғылыми-зерттеу жұмыстары   оқытушылардың ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялаған ғылыми конкурстар мен жобаларға қатысуы, оқытушылардың ғылыми семинарлар мен конференцияларға қатысып, баяндама оқуы арқылы фундаменталдық, әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар бойынша атқарылады.

Республикалық  пәндік  олимпиада Жалпы командалық сайыста 2 студент 1-орын, 2 студент – 3-орын, жеке сайыста 1 студент 2-орын алды