Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысы жалпы оқу үрдісінің құрылымдарының бірі болып табылады. Академиялық топтардағы кураторлық сағаттарында студенттердің қоғамдық өміріне тікелей қатысы бар мәселелер қарастырылады: топтық жұмыстар мен жооның тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес ішкі тәртіп ережелері, ел өміріндегі атаулы оқиғалар, салауатты өмір салтын дәріптеу, оқу үлгерімдерін талдау, мерекелік іс-шараларға дайындық.
Кураторлар құқықтық тәрбие саласында белсенді жұмыс атқарады: жыл сайынғы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы, мемлекеттік бағдарламалар мен басқа да құжаттар талқыланады.
Кафедраның тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жыл сайын түрлі іс-шаралар өткізіледі: дөңгелек үстелдер, брейн-рингтер, конференциялар, олимпиадалар, кездесулер және т.б.
Факультет студенттері жастардың республикалық және жергілікті ұйымдарына, ғылыми жобалар байқауларына, әр түрлі акцияларға, спорттық жарыстарға, патриоттық әндер байқауына, көркемөнерпаздар байқауына белсенді қатысады.
Факультет студенттерінің тәрбие-әлеуметтік жұмыстарын жандандыру мақсатында студенттік клубтар жұмыс жасайды:

  1. «Достық» клубы: мақсаты университетімізде қазақстандық патриотизмді дамыту, ұлтаралық татулық пен келісімді жетілдіру, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени тұтастығын нығайту. Клубтың құрамына мүше ретінде факультеттің студенттері, соның ішінде шетел азаматы және өзге ұлт өкілдері болып табылатын студенттер кіреді.
  2. «Сымбат» қыздар клубы: халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындырып, әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, әсемдікке тәрбиелеуді мақсат етеді.
  3. «Жас жалын» шығармашылық клубы: клубтың мақсаты түрлі тақырыптағы кездесу, дөңгелек үстел, т.б. іс-шаралар ұйымдастыру арқылы дарынды студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейту, көркем әдебиетке деген құлшынысын арттыру; студенттердің шығармашылық жұмыстарын басылым беттерінде жариялау.
  4. «Эврика» интеллектулды пікір-сайыс клубы: мақсаты рухани, интеллектуалдық және адамгершілік деңгейі жоғары, ұлтжанды, өзінің қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін сезінетін жастар буынының қалыптасуына ықпал ету; студенттер арасында пікірсайыс бағдарламасының кеңінен таралуына ат салысу; клубтың әр мүшесінің пікірсайыс теориясын жетік меңгеруін және осы бағытта үнемі ізденісте болуына ықпал ету; жинақталған білім мен тәжірибені тереңдетіп, келесі лектегі пікірсайысшыларға жеткізілуіне септігін тигізу, яғни оқу орнының дәстүрлерін сақтауға атсалысу;.

Оқытушылармен қоса студенттер де белсенді тартылатын кәсіби бағдар беру жұмыстары да үлкен тәрбиелік маңызға ие.
Жыл сайын студенттеріміз «Жыл студенті» облыстық байқауына белсене қатысады және келесі аталымдар бойынша жүлдегерлер болып табылады:
«Жыл студенті-2016» облыстық байқау қорытындысы бойынша:

  • «Үздік инновациялық жоба» – МЕН-13-1 тобының студенті А.Орысбай;
  • «Үздік тілші» – Ф-14-1 тобының студенті Табунаев Ы.

«Жыл студенті-2015» облыстық байқау қорытындысы бойынша:

  • «Үздік ғалым» – ГМУ-12-1 тобының студенті М.А.Қазақ;
  • «Үздік студенттік әлеуметтік жоба» – ГМУ-13-1 тобының студенті А.Б.

Қарақойшиев;

  • «Үздік спортшы» – ГМУ-13-1 тобының студенті Б.М.Орысбай;

«Жыл студенті-2014» облыстық байқау қорытындысы бойынша:

  • «Үздік ғалым» – ГМУ-11-1 тобының студенті А.К.Беккалиева.

2016 жылдың қорытындысы бойынша «Жастар сыйлығы» облыстық байқауының «Жас ғалым» номинациясының иегері ГМУ-13-1 тобының студенті К.Наурызбай болып табылады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Тәуелсіздік-ұраным, таусылмайтын жыр-әнім!» атты қалалық ақындар байқауының II орын иегері ГМУ-15-1 тобының студенті К. Наурызбай болып табылады.