Халықаралық қатынас

Университет деңгейінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша әртүрлі жетекші шетелдік университеттермен факультет мамандықтарының студенттерін бірлесіп дайындау бойынша келісім-шарттарға қол қойылған.

Ағымдағы оқу жылында факультетке шетелдік ғалымдар Чоудхури Дабабрата Нароян (Ұлыбритания), Эпуре Мануэла (Румыния), Кинолай Буюклий (Болгария), Хадлстон Ли Джозеф (АҚШ), Патрик-Рилей Захари Глен Гордон (АҚШ), профессор Joseph Paul (Suffolk университеті (Англия), профессор Jayaraman Krishnaswamy(Малайзия) тартылды.

2019 жылы «Бизнес және құқық» факультетінің 4 оқытушысы Стамбул қаласында (Түркия) «Жоғары білім берудегі инновациялық технологиялар және сандық трансформациялар»тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтті. Сондай-ақ, МВА/ЕМВА бағдарламасының магистранттары Түркия Республикасының Стамбул қаласындағы —  ILDIZ, AIDYN жетекші жоғары оқу орындарында және Стамбулдың ірі бизнес құрылымдарында тағылымдамадан өтті. Факультеттің бір топ оқытушылары серіктес жоғары оқу орындарының бірі — Астрахань мемлекеттік техникалық университетінде (Ресей) ғылыми тағылымдамадан өтті.

Ағымдағы оқу жылының бірінші семестрінде факультет студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында: «Есеп және аудит» мамандығының студенті Ұзақбергенова Гульдана Стамбул қаласындағы  Nişantaşı Üniversitesi оқып қайтты; Қазіргі уақытта Кипрде «Туризм» мамандығының студенттері Нұрлыбаева Милана және Маратқызы Жансая білім алуда.

2018-2019 оқу жылында «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенті Тобыш Хамит Астрахань техникалық университетінде (Ресей), «Туризм» мамандығының студенті Алиева Мариямханым Баку мемлекеттік университетінде (Азербайжан) білім алып келді.