Факультеттер

Көлік және құрылыс факультеті

«Көлік және құрылыс» факультетінде мамандарды даярлау бакалавриат, магистратура бойынша екі деңгейде жүзеге асырылады. Оның ішінде 9 мамандық бойынша бакалавр, 3 мамандық бойынша магистранттар дайындалады.
Факультет құрамына 3 кафедра («Теңіз және жер үсті көлігі, «Құрылыс, «Ақпараттық жүйелер және энергетитка») кіреді, оның барлығы да бітіруші мамандар даярлайды.
Студенттер үшін жабдықталған оқу кабинеттері, тренажерлар (пр-во Норвегия), интерактивті дәрісханалар, электронды кітапхана, оқу залы, спорт кешені, компьютер кабинеттері жұмыс жасайды.

Мұнай және газ факультеті

«Мұнай және Газ» факультетінде 8 мамандық бойынша 523 студент, магистрант және докторанттар бар. Маман дайындаумен факультеттің 3 кафедрасының («Мұнай-газ ісі және геология», «Мұнайгаз машиналарын жасау», «Экология және химиялық технологиялар») оқытушы-профессорлары айналысады. Студенттер үшін жаңа қондырғылармен жабдықталған зертханалар, кітапхана, интерактивті дәрісханалар, спорт залы, лингафон кабинеті, компьютер кабинеттері жұмыс істейді.

Педагогика факультеті

«Педагогика» факультетінде мамандарды даярлау бакалавриат, магистратура және доктарантура бойынша үш деңгейде жүзеге асырылады. Оның ішінде 9 мамандық бойынша бакалаврлар, 4 мамандық бойынша магистранттар және 2 мамандық бойынша докторанттар дайындалады.

Экономика және құқық факультеті

«Экономика және құқық» факультетінде мемлекеттік және жергілікті басқару органдары, ұлттық компаниялар, өндірістік кәсіпорындар, құқық қорғау органдары, фискалдық мекемелер, банк жүйесі, ғылыми-зерттеу орталықтар, оқу орындары үшін мамандарды даярлау бакалавриат және магистратура бойынша екі деңгейде жүзеге асырылады. Оның ішінде 7 мамандық бойынша бакалаврлар, 2 мамандық бойынша магистранттар дайындалады.

Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық факультеті

«Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық» факультетінде мамандарды даярлау бакалавриат деңгейінде жүзеге асырылады. Аталмыш факультет аясында 3 мамандық бойынша бакалавр дәрежесі беріледі.