Факультеттер

Инжиниринг факультеті

«Инжиниринг» факультетінде мамандарды даярлау бакалавриат, магистратура және докторанттар бойынша үш деңгейде жүзеге асырылады. Маман дайындаумен факультеттің 6 кафедрасының («Мұнай және газ инжинирингі», «Машина жасау және көлік», «Экология және химиялық инжиниринг» ,«Геология», «Құрылыс инжинирингі», «Компьютерлік инжиниринг») оқытушы-профессорлары айналысады. Студенттер үшін жаңа қондырғылармен жабдықталған зертханалар, кітапхана, оқу кабинеттері, тренажерлар (пр-во Норвегия), интерактивті дәрісханалар, спорт кешені, электронды кітапхана, оқу залы, лингафон кабинеті, компьютер кабинеттері жұмыс істейді.

Педагогика факультеті

«Педагогика» факультетінде мамандарды даярлау бакалавриат, магистратура және доктарантура бойынша үш деңгейде жүзеге асырылады. Оның ішінде 12 мамандық бойынша бакалаврлар, 4 мамандық бойынша магистранттар және 2 мамандық бойынша докторанттар дайындалады.

Бизнес және құқық факультеті

«Бизнес және құқық» факультетінде мемлекеттік және жергілікті басқару органдары, ұлттық компаниялар, өндірістік кәсіпорындар, құқық қорғау органдары, фискалдық мекемелер, банк жүйесі, ғылыми-зерттеу орталықтар, оқу орындары үшін мамандарды даярлау бакалавриат және магистратура бойынша екі деңгейде жүзеге асырылады. Оның ішінде 7 мамандық бойынша бакалаврлар, 2 мамандық бойынша магистранттар дайындалады.

Теңіз академиясы

Обучение в Морской академии по специальности «Морская техника и технологии» состоит в обеспечении Республики Казахстан специалистами плавсостава морского и речного транспорта и сферы управления деятельностью водного транспорта в целях эффективного экономического развития отрасли водного транспорта, освоения и использования пространств и ресурсов Каспийского моря на основе сочетания традиций подготовки моряков и передовых образовательных технологий и программ высшего образования.