09:00 – 18:00
13:00 – 14:00
8(7292)42-57-28(вн.129)
8(701)57-29-024

Үздіксіз білім беру институты

     Үздіксіз білім беру институтының негізгі қызметі – үздіксіз білім беру және кәсіби қайта даярлау, қайта даярлау курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ мамандардың кәсіби дайындық деңгейін бағалау.

     Қосымша білім жоғары және орта техникалық білімі бар мамандарға теориялық және практикалық дағдыларды жаңарту, тереңдету мақсатында беріледі.      Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына білікті ғылыми-педагогикалық кадрлар ұсынылған. Оқу процесінде қазіргі заманғы талаптарға сай, кәсіби құзіреттілікті дамытуға бағытталған мамандарды қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды үздіксіз оқытудың білім беру бағдарламалары қолданылады.

     ҮББИ университет базасында да, аймаққа және кәсіпорындарға бару арқылы да қысқа мерзімді мамандандырылған біліктілікті арттыру курстарын ұсынады. Тыңдаушылар жеке оқу жоспарымен немесе ғылыми бағдарламамен оқи алады.

    Сабақтар интерактивті дәрістер, семинарлар, семинар-тренингтер, мастер-класстар, дөңгелек үстелдер мен конференциялар және т.б. түрінде ұйымдастырылады.

    Бағдарламаны сәтті игерген және қорытынды аттестаттаудан өткен тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі куәліктер мен біліктілікті арттыру сертификаттары беріледі.

   Институттың мақсаты: Үздіксіз білім беру жүйесін жетілдіру және дамыту, жалпы білім беру кезінде қоғамдағы әр адамның жеке әлеуетін барынша пайдалану, , жұмыс орнында оқыту, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына, зияткерлік әлеуеті талаптарына, еңбек нарығының сұранысына сәйкес білім беруге бағытталған.

   Институттың міндеттері:

– мемлекеттік білім беру саясатының қағидаттарына негізделген педагогтардың үздіксіз білім алуының басым стратегияларын анықтау;

– оқытушыларды ғылыми, теориялық және практикалық біліммен қаруландыру;- нәтижеге бағдарланған білім берудің ғылыми және практикалық әдістемесін жасау;

– оқу процесіне облыс пен аймақтағы педагогтардың біліктілігін арттырудың жаңа педагогикалық технологияларын кеңінен енгізу;

– далалық-тәжірибелік және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және басқару;

– алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені, мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсыныстарды тарату;

– ақпараттық -әдістемелік материалдарды шығару.

Актау қ, 32 ш/а., Ш.Есенова атын. КМТИУ, ҮББИ, каб. 2-1
8(7292)42-57-28(вн.129) 8(701)57-29-024
roza.makhambetova@yu.edu.kz