Қыздары арасындағы волейболдан жарыс өтті

«Экономика және құқық» және «Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық» факультеттерінің ұйымдастыруымен университет студенттерінің қыздары арасындағы волейболдан жарыс өтті.

Бұл жарысты өткізудің мақсаты – студент-жастар арасында салауатты өмір-салтын қалыптастыру және оны насихаттау.

Жарысқа университеттен 5 команда қатысып, жарыс қызықты, тартысты әрі бәсекелестікпен өтті. Көрермендерге әдемі ойындар көрсетілді. Әр факультет өз командаларына жанкүйер болды.

Жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

І орын – «Бірлік» командасы, «Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық» факультеті;

ІІ орын – «ФЭП» командасы, «Экономика және құқық» факультеті;

ІІІ орын – «Достық» командасы, «Педагогика» факультеті.