Құқық қорғау органы қызметкерімен кездесу

22 ақпан күні «Мұнай және газ» факультетінде студенттердің құқық қорғау органы қызметкері Ақтау қаласының ІІД ЖПҚ капитан полициясы Нұрлан Рахаевпен кездесуі ұйымдастырды.  Кездесу барысында азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық мысалдары және кінәлілердің қандай жауапқа тартылатынын, бұл үшін қарастырылатын баптары мен ЕАК айыппұлдары туралы айтылды.

Студенттер тарапынан шетел азаматтарының құқығы туралы сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтарға толықтай жауап алынды.