Yessenov Students Party

«Маңғыстау Арена» спорт кешенінде «Yessenov Students Party» студенттік арнау кеші өтті. Салтанатты шараға университет басшылығы, құрметті қонақтар, оқытушылар, жастар ұйымдарының белсенділері қатысты.

Yessenov Students Party-бұл Yessenov University-де мәртебесі бойынша ең жоғарғы іс-шара.Шара барысында ҰБТ бойынша ең жоғары баллға  ие болған 5 студентке студенттік билеттер табысталды. Сондай-ақ, сайлау арқылы анықталған студенттік кеңестің жаңа президенті таныстырылған болатын. Іс-шарада Talent Show-2018 жобасының финалы өтті.

Кеш жүргізушілері Айдар Каримбаев пен Әлқуат Насухаұлы демеушілеріміз ұсынған сертификаттар мен сыйлықтардың, сондай-ақ университеттің корпоративтік атрибутикаларының ұтыс ойыны өткізілді. Студенттердің көптен күткен сәті, кештің басты қонақтары Raim&Artur-дың бағдарламасы.

Кеш Қазақстанның ең үздік Диджейлері өнер көрсеткен дискотекамен аяқталды.