Түлектер Ассоциациясының жиналысы өтті

23 ақпан күні Yessenov University түлектер Ассоциациясының жиналысы өтті. Бұл жиналыста соңғы болып жатқан өзгерістерге және кадрлық тағайындауларға байланысты Ассоциацияның Президенті сайланды. Түлектер Ассоциациясының жаңа Президенті болып ректор университеті Берік Ахметов тағайындалды.

Сонымен қатар, жиналыста Ассоциация төрағасы Нұрболат Батыков 2017 жылғы өткізілген жұмыстары бойынша есеп берді және 2018 жылға қойылып отырған жоспарлармен бөлісті.

Алдағы уақытта Ассоциация жұмысын жандандыру бағытында жоғары дәрежеге ие, жетістіктерге жеткен түлектерді университетке көмек, қолдау көрсету мақсатында Ассоциация құрамына тарту жоспарланып отыр.