«Асыл аналар, сұлу арулар!» атты мерекелік концерт өтті

Бүгін университет ұжымының ер азаматтарының ұйымдастыруымен  Халықаралық әйелдер күніне арналған  «Асыл аналар, сұлу арулар!» атты  мерекелік концерт өтті.

Мерекелік шарада профессорлық-оқытушылық құрамынан бастап бөлімдер қызметкерлері мен өнерлі білім алушылары «Универ» студенттік вокалды-аспапты ансамблінің сүйемелдеуімен өнерлерін паш етіп, әйелдер қауымын құттықтады.