Мұнайшы ардагерлермен кездесу

Yessenov University-де «Қазақстан мұнайына 120 жыл» мерекесі аясында “Инжиниринг” факультетінде профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің мұнайшы ардагерлермен кездесуі өтті. Кездесуге Маңғыстау өңірінің мұнай өнеркәсібінің өркендеуіне баға жетпес үлес қосқан “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ еңбек ардагерлері шақырылды.
Кездесу барысында қонақтар студенттермен өз тәжірибелерімен бөлісіп, мұнай өнеркәсібі қызметкерлеріне қажетті дағдылар мен құзыреттіліктерді атап өтті.
Yessenov University студенттері еңбек ардагерлеріне өз алғыстарын білдіріп, әндерін орындады.