История университета

«Университет – білім мен ғылымның одағы», – деп көрнекті неміс ғалымы В.Гумбольдт айтқандай, университет – білім мен ғылымды тоғыстырып, талапкерді білімнің биігіне, ғылымның өріне шыңдайтын қасиетті шаңырақ. Әрбір университеттің тағылымды тарихы, игі дәстүрлері, шеберлік мектептері, ұлағатты ұстаздары мен талантты шәкірттері болады. Ол сонысымен елдің абыройын асырып, қоғамның мақтанышына айналады. Елдің атын шығарып, келешегін айқындауда университеттердің алатын орны ерекше, әлемдік өркениет тарихында бұған мысалдар жетерлік.

Бүгінде «YESSENOV UNIVERSITY» брендімен «ашықтық, ықыластылық, креативтілік» сынды құндылықтарды ұлықтап, қазақстандық жоғары білім саласында өзіндік орнын айқындай алған Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті бүгінде Маңғыстау облысындағы жоғары білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығына айналып отыр. Өзінің қырық екі жылдық тарихында университет дамудың белгілі бір кезеңдерінен өтті.