Public talk: Дастан Оразбеков

Yessenov University-де #PublicTalk жобасы аясында, «Орда» тобының белді әншісі, актёр Дастан Оразбековпен кездесу өтті.
Кездесуге университет студенттері, қызметкерлері және профессорлық – оқытушылар құрамы қатысты. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды әрі көңілді жауаптар қайтарған қонағымыз кездесу барысында өнегелі әңгімелерімен де бөлісті.
Шара соңында қонақ ән шырқап, қатысушыларға ұмытылмас жақсы көңіл – күй сыйлады.