«Жиырма игі іс»

«Бизнес және құқық» факультетінің «Экономика» кафедрасы  «Жиырма игі іс» қайырымдылық акциясын ұйымдастырылды. Акция аясында экономика мамандығының студенттері тұрмысы төмен, көп балалы, жетім, мүгедек балаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында көмек көрсетілді. Акция барысында көмекке зәру адамдардың тізімін анықтап алып, нақтылы мекен – жайлары бойынша үйлеріне көмек көрсетуге барды. Жалпы бұл акцияның өзектілігі мен қажеттілігі студенттерді қайырымдылыққа, қамқорлыққа, адамгершілікке баулуда маңызы зор. Акция соңында азаматтардың тұрмыс тауқыметін тартқандардың мұңын сейілтіп, алғысын арқалады. Қоғамда оң көзқарас қалыптастырып, ынтымақтастықты арттырған акция алдағы уақытта да өз жалғасын табады.