«Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасы

«Самұрық қазына» АҚ және «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің  маманы Нураханова Асель, дарынды жастарды жетілдіру мақсатында  құрылған  «Жас өркен» бағдарламасы туралы түсіндіріп өтті. Бағдарлама құндылықтары:

– «Самұрық-Қазына» АҚ тобының бірнеше компаниясында 20 ай бойы айналым өту.

– Ай сайынғы жалақы

– Айналым орны мен тұратын жер аралығындағы жол ақысын төлеу

– Түлектерді жұмысқа орналастыру болып саналады.

Университеттің студенттері бағдарлама бойынша сұрақ қойып жауабын алды.