Жанаргул Таскинбайкызының біліктілігін арттыруы

«Бизнес және құқық» факультеті «Менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Жанаргул Таскинбайкызы 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласында ҚР ҰКП «Атамекен» ҚР БҒМ-мен бірлесіп ұйымдастырылуымен өткізілген «Кәсіпкерлік негіздері» курсы бойынша оқытушылардың біліктілігін арттыру тренерлерге арналған тренингтен сәтті өтті. Соның нәтижесінде Yessenov University-ге «Бизнес, басқару және құқық» бағыты бойынша даярлайтын профессорлық-оқытушылық құрамын оқытуға тренер ретінде жіберілді.
Жастар арасында кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға және ынталандыруға бағытталған «Кәсіпкерлік негіздері» курсын өткен барлық оқытушыларға сертификаттар табысталды.
Курс нәтижелері бойынша оқытушылар бизнеске оқытудың жаңа құралдарын, атап айтқанда геймификация, фасилитация, түрлі жағдайлық ойындар мен бизнес-кейстерді қолданатын болады. Осылайша студенттер теорияны да ала алады және бизнесті құру мен жүргізу дағдыларын пысықтай алады. Оқытушылар жастардың жаңа кәсіпкерлік ойлауын қалыптастырады.