Зенит зауытының өкілдері

Yessenov University Теңіз академиясына су көлігі саласының мамандарын даярлау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде «Зенит Орал зауыты» АҚ басшылығы кәсіпорынның бас конструкторының орынбасары Ахмедияров Бауыржан және менеджер Охасов Дәурен сапармен келді.
Диалог тақырыбы теңіз оқу-жаттығу станциясын құру шеңберінде зауыттың өндірістік қуатын ескере отырып, теңіз көлігі саласында мамандар даярлау, «Зенит Орал зауыты» АҚ зауытының қуаттылығында өндірістік-кеме жөндеу тәжірибесінен өту және кеме жөндеу кәсіпорындары мамандарының біліктілігін арттыру мәселелері қарастырылды.
Сондай-ақ «Зенит Орал зауыты» АҚ өкілдерімен теңіз академиясының студенттерімен кездесу өткізілді.