Yessenov University Теңіз академиясы ынтымақтастық географиясын кеңейтуде

Yessenov University Теңіз академиясы ынтымақтастық географиясын кеңейтуде.
Академияға жұмыс сапарымен UNIKL University Kuala Lumpur проректоры Shahrulniza Musa мырза мен бас менеджері Аnuar Berahim келді.
Қонақтар Теңіз академиясының қызметімен, материалдық-техникалық базамен танысты. Yessenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметовпен әңгімелесу барысында университеттердің теңіз факультеттері арасындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық мәселелері талқыланды.