Istanbul Aydin University-мен ынтымақтастық

Yessenov University басшылығы университетімізді дамытудағы басымдықтардың бірі болып саналатын халықаралық ынтымақтастық орнату аясында білім беру қызметтерін экспорттау, интернационализацияны дамыту, сонымен қатар Erasmus+ и және Mevlana бағдарламаларын дамыту мақсатында Түркия елінің жетекші оқу орындарының бірі Istanbul Aydin Университетінде іс-сапарда  болды.

Бүгінгі таңда еліміздегі жоғарғы оқу орындары үшін  сапалы, әрі динамикалық түрде дамып келе жатқан халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы халықаралық ынтымақтастық орнатуда маңызды бағыттардың бірі. Осы орайда униврситет басшылары кездесіп, кездесу барысында екі университет арасындағы ынтымақтастық түйіндерін анықталып, келіссөздер қорытындысы бойынша Yessenov University мен Istanbul Aydin University арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.