«Yessenov Fest» фестивалі аясында өнер байқауы өтті

Ағымдағы жылдың сәуір айында  Астана қаласының 20 – жылдығы, Ақтау қаласының 55 – жылдық мерейтойына және Университет күніне орай «Yessenov Fest» фестивалі аясында өнер байқауы ұйымдастырылды.

«Yessenov Fest» өнер байқауы университет студенттерінің рухани мәдениеті мен шығармашылығын дамыту, жас таланттарды айқындау және қолдау мақсатында факультет командалары арасында өткізілді.

«Yessenov Fest» өнер байқауын университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Асқар Сейдалиев ашып, байқауға қатысушыларға ыстық ықыласын білдірді.

Байқау қорытындысын Ақтау қаласының мәдениет қызметкерлері мен өнертанушыларынан құрылған  қазылар алқасы құрамы жеңімпаздарды анықтап,  марапаттады.

«Yessenov Fest» өнер байқауының қорытындысы бойынша:

1-ші орын – «Мұнай және газ» факультеті;

2-ші орын  – «Педагогика» факультеті;

3-ші орын –  «Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық» факультет командалары

жүлделі орындарға ие болып, қаржылай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Байқау барысында «Көлік және құрылыс» және «Экономика және құқық» факультет командаларына сондай – ақ, өнерімен ерекше көзге түсіп, белсене қатысқан студенттер Ұзақбаев Нұргелді мен Маратов Елдарға және Сәрсенбаева Анеляға  «Алғыс хат» жарияланды.