XVII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Yessenov University-де  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жер қойнауын игерудің ресурстық-репродукциялық, аз қалдықты және экологиялық технологиялары» атты XVII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференция шеңберінде жер қойнауын игеру үшін ресурстық, аз қалдықты және экологиялық технологияларды дамыту, сондай-ақ ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері мен перспективалары, жер қойнауын пайдаланудағы ғылым мен техника саласындағы өзекті мәселелер туралы ғылыми зерттеулер және тәжірибелік нәтижелер туралы сұрақтар көтерілді.

Конференция ғылыми қоғамдастықтың ақпараттық алмасуы, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, Есенов Университетін әлемдік ғылыми қоғамдастыққа біріктіру үшін бірегей алаң болды. Жетекші ғалымдар өз тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ олардың жұмысының нәтижелері сөз болды.

Конференцияның пленарлық отырысында Yessenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өндірісі және бұрғылау технологиясы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры кеңесшісі Жақсыбек Әбдірахметұлы Кулекеев сонымен қатар, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қазақстанның ғалымдары сөз сөйледі.

Конференция келесі тақырыптық секциялар бойынша өткізілді:

  1. Геоэкология мәселелері және Каспий теңізінің даму перспективалары

2.Ресурстық-репродукциялық және пайдалы қазбаларды игеру технологиялары.

  1. Мұнай-газ саласын цифрландыру.
  2. Өндірістің технологиялық қауіпсіздігі.

Конференция қорытындысы бойынша тезистер жинағын шығару қарастырылған.