Волейбол жарысы өтті

Yessenov University 1-курс  қыздары арасында cтуденттер күніне арналған  волейболдан жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша  1-орынды Педагогтар  командасы, 2-орынды  Құқықтану командасы, 3-орынды Дене шынықтыру және спорт командасы иеленді. Үздік ойыншы – Дене шынықтыру және спорт мамандығының  1-курс  студенті  Ж.Жумағалиева , үздік шабуылшы – Дене шынықтыру және спорт мамандығының 1-курс  студенті  Г.Жомарт , үздік қорғаушы – Есеп және аудит мамандығының 1-курс  студенті  А.Узганова  атанды. Ұйымдастырушылар “Дене тәрбиесінің” кафедрасының оқытушылары: Н.М.Калиева, О.А.Бондаренко, К.Н.Сейдалиев және Дене шынықтыру және спорт  мамандығының жоғарғы курс студенттері.