Universiti Putra Malaysia-мен меморандум

Yessenov University қабырғасында  Universiti Putra Malaysia өкілі Prof. Dr. Mohamed Othman университет басшыларымен кездесіп, кездесу барысында екі университет арасында интернационализацияны дамыту мақсатында ынтымақтастық түйіндері анықталды. Инженерлік мамандықтар бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алушылар мен қызметкерлерді тағылымдамадан өткізу және халықаралық бағдарламалар аясында жобаларға қатысу сияқты өзекті мәселелер бойынша келіссөздер жүргізілді. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы  меморандумға қол койылды.