“Менің Арманым” байқауының ширек финалы

8-10 маусым аралығында Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында “Startup Bolashak-Менің Арманым” ұлттық байқауының ширек финалы болып өтті. Үш күнге созылған байқау кезеңіне еліміздің барлық өңірінен 350-ден астам жоба қатысты.

Маңғыстау облысы бойынша Yessenov Univеrsity-де ұйымдастырылған іріктеу нәтижесінде ширек финалға 16 жоба өткен болатын.

Ширек финалдың алғашқы күні байқауды ҚР БҒМ Жауапты хатшысы А.А. Орсариев алғашқы сөзімен салтанатты түрде ашып берді.nСонымен қатар шара барысында Мағжан Ауезов, Саясат Нұрбек, Ляззат Коккозова, Мағжан Мадиев, Руслан Мамедов және т.б. ҚР танымал ұйым жетекшілері, ірі кәсіпкерлер, кәсіби эксперттер TED Talks форматында әр түрлі тақырыпта сөз сөйлеп жетістіктерімен бөлісті.

Шараның екінші күні байқау қатысушылары 10 секция бойынша менторлармен кездесті. Байқау аясында стартаперлерге, бизнес инкубатор, стартап академия жетекшілеріне МOST Бизнес инкубаторымен бірге Techstars Community Leader Academy Astana өкілі Анураг Малумен оқу курсы өткізілді.

Шараның соңғы күні барлық өңір қатысушылары 10 секция бойынша өз жобаларын эксперттерге, инвесторларға қорғады. Маңғыстау обылысы бойынша келесі 8 стартап жоба бизнес лагерь форматында өтетін жартылай финалға жолдама алды:

  1. «Өзін-өзі қуаттандыратын электрокөлік» Құттыбаев Мырзағали Yessenov Univеrsity, ӘГД факультетінің 2-курс студенті;
  2. «Биогаз қондырғылары», Торебай Нурдаулет, Бисен Айдана, Назарбаев зияткерлік мектебі, 11-сынып;
  3. «Қауіпсіздік техникасы», Сарыев Берік, Жаппар Еркебулан;
  4. «Non-complex arm prosthesis», Қыдырбаева Назира, Назарбаев зияткерлік мектебі, 11-сынып;
  5. «Сабын өндірісі», Черноязова Мирамгуль;
  6. «BALAHI құрылғысы», Мухамедов Бауыржан, Нурумов Бақытжан;
  7. «VIRTUM» Жаппар Еркебұлан, Сельбаев Жалғас, Ақтау есептік-технологиялық колледжі;
  8. «Ұнтақталған қымыз және шұбат өнімдері», Муханалиев Нұрғазы, Жүзбергенов Самат, Жеткинбаев Бауыржан, Қараногаев Әлібек, № 11 мектеп.