Соңғы оқиғалар аясында қауіпсіздік мақсатында Yessenov University оқу үдерісі қашықтықтан оқыту жүйесіне ауыстырылды.

Бұл өзгеріс бакалавриат, магистратура, докторантура және колледждің барлық студенттерін қамтиды.
Қашықтықтан оқыту жүйесі Google Hangouts Meet (немесе Class room) бағдарламаларының көмегімен студенттер мен оқытушылардың орталықтандырылған желісіне қосылады. Студенттердің барлық пәндері кесте бойынша өтеді.
Пәндерді өткізу сапасын Yessenov University мониторинг орталығының қызметкерлері қадағалайды.
Сонымен қатар, университетте вирустық инфекцияның алдын алудың барлық шаралары қолға алынды.