Құшадашыда  өткен симпозиум

2018 жылдың 19-21 қазаны аралығында «Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Б.И.Нұрдәулетова және «Педагогикалық технология» кафедрасының доценті Ш.Сапарбайқызы Түркияның Құшадашы (Құс аралы) қаласында өткен «Түрік-ислам мазар тастары» тақырыбындағы халықаралық симпозиумда Маңғыстау жерасты мешіттері, оның тарихи-танымдық, рухани-ағартушылық қызметі туралы баяндамалар оқыды. Сонымен қатар профессор Б.И.Нұрдәулетова симпозиумның 5-отырысын жүргізді.

3 күнге созылған симпозиумда Түркия, Әзірбайжан, Татарстан, Қырым, Маңғыстаудағы түркі мазар тастарының стилі, белгі тастардағы араб графикалы жазулардың мазмұны, түрлі таңбалар, олардың символдық мәні, діни-танымдық сипаты, мазар тастардағы өрнектердің мотиві, әр кезеңдегі өзіндік ерекшеліктері, Маңғыстаудағы жерасты мешіттері т.б. тақырыптары талқыланды.

Маңғыстаудың жерасты мешіттері туралы тақырыпқа, Түрік, Әзірбайжан, Ирак ғалымдары қатты қызығушылық танытты.