Әзірбайжан Республикасының делегациясымен кездесу

Ақтау қаласында Қазақстан Республикасындағы Әзірбайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадов пен Әзірбайжан Республикасының Ақтау қаласындағы елшісі Эльмар Маммадов бастаған Әзірбайжан Республикасының делегациясы Yessenov University-ге келді.
Кездесу барысында университет проректоры Ермек Талантұлы Нұрмағанбетпен екі ел арасындағы ынтымақтастық жолдарын анықтау және білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар университет студенттеріне заманауи халықаралық қатынастар жайлы дәріс оқылды.
Кездесу соңында Рашад Маммадов Yessenov Univeristy проректорына Гейдар Әлиевтің 95 жылдығына арналған «Еліне жол ашқан» қазақ тіліндегі кітабын табыстады.