Сарапшылар өз қызметіне кірісті

Бүгін, 16 сәуір күні Yessenov University Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігінің (БСҚА) сараптамалық тобы білім беру бағдарламаларын мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуден өткізу жұмысын бастады.

Сараптамалық топ мүшелері алдымен университет басшысы Б.Б.Ахметовпен  кездесті. Бұдан әрі аудиторлар бекітілген бағдарламаға сәйкес университет проректорларымен, департамент директорларымен, құрылымдық бөлім басшыларымен, факультет декандарымен, кафедра меңгерушілерімен сұхбаттасты.

Оқу орынға арнайы келген сараптамалық топ жетекшісі, халықаралық сарапшы Е.Н. Леонович, сарапшылар Г.К. Әбдрахман, М.К.Амангазиева,  И.Ф. Андрущинина, З.С.Абдирасилова, А.А.Жагловская, А.Д.Сыздыкбаева, жұмыс берушілер өкілі С.Н. Мухамбетжанова, студенттер өкілі К.С.Нурова, сараптамалық топ үйлестірушісі Б.С.Имашова оқу орынның ішкі жағдайымен танысуда.