Есенов оқуларының жабылу рәсімі

Yessenov University-де I Халықаралық Есенов оқуларының салтанатты жабылу рәсімі өтті.
Yessenov University ректоры Ахметов Берік Бақытжанұлы осы іс-шараның қорытындысын шығарып, университеттің студенттері мен жас ғалымдары үшін «Yessenov University үздік жас ғалымы» және «Yessenov University үздік стартап жобасы» конкурстарының жеңімпаздарына, сондай-ақ «Факультеттің үздік студенттеріне» сертификаттар мен ақшалай сыйлықтарды табыс етті.