Путра Университетінің профессорымен кездесу

«Инжиниринг» факультетінде Путра университетінің (Малазия) профессоры Mohamed Bin Othman кездесу өткізді. Ғалым зерттеу тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ өз жұмыстарының нәтижелері туралы, Путра университеті жайында баяндады. Кездесу өте жемісті өтті, оқытушылар мен докторанттар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Аталған кездесу ғылыми байланыстарды орнату және халықаралық ынтымақтастықты дамыту алаңына айналды.