«Pluralingual» конкурсы

«Бизнес және құқық» факультетінің «Халықаралық қатынастар» және «Құқықтану» мамандықтарының студенттері арасында «Pluralingual» атты конкурс өтті. Конкурс нәтижесі бойынша 1 – орынды Ахов Данияр, 2 – орынды Тыныштық Айдархан, 3 – орынды Тәжібаева Еңлікгүл мен Айманов Алтынбек иеленген болатын.

Конкурстың мақсаты – студенттердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын  арттыру және болашақта үш тілді меңгерген кәсіби маман ретінде қалыптасуына жағдай туғызу.