Оқу жиындарын аяқтау

Yessenov University әскери кафедрасында бітіруші курс студенттерімен оқу жиыны аяқталды. Біздің курсанттарымыз запастағы офицерлерді даярлау бағдарламалары бойынша толық оқу курсынан өтті. Кеме тәжірибесіндегі жиын барысында студенттер өз мамандықтары бойынша практикалық дағдыларды алды. Сонымен қатар, студенттермен жиын аясында әскери-патриоттық әндерді орындау бойынша оқу взводтары арасында жарыстар өткізілді. Оқу жиынының соңғы кезеңінде оқу пәндері бойынша кешенді бітіру емтихандары өткізілді. Мемлекеттік емтихандарды тапсырғаннан кейін оқытушылар мен жеке құрам барлық оқу курсы бойынша қорытынды шығарды.
Оқу жиындарының аяқталуына арналған митингте Yessenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов сөз сөйледі.