«Бизнес және құқық» факультетінде Наурыз мерекесіне орай «Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен қазақтың ұлттық тағамдарын насихаттау мақсатында «National food time – Welcome Nauryz» тақырыбында дегустация болып өтті. Дегустацияда оқытушылар мен студенттерге қазақтың ұлттық тағамдарынан бауырсақ, құрт, балқаймақ, жент, қазы-қарта және сусынымыз шұбат ұсынылды.