Мерекелік концерт өтті

5 мамыр күні Yessenov University шығармашылық үйірмелерге қатысушы студенттер «Жеңіс күні»  және «Отан қорғаушылар күні» мерекелері құрметіне концерт ұйымдастырды.

Шара барысында кәсіподақ ұйымының төрайымы Ж. Абдукаримова университетте көп жылдардан бері табысты қызмет етіп келе жатқан ардагерлерді құттықтап сый-сияпат көрсетті.