Менің Арманым

Startup Bolashak «Менің Арманым» жастардың стартап жобалары ұлттық байқауының 3 маусымының Маңғыстау облысы бойынша өңірлік іріктеу кезеңі 20-21 мамыр күндері Yessenov University-де ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты – жастар арасында кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастыру, қатысушыларға жеке істерін ашуға қолдау білдіру.

Қатысушыларымызға «Ниша таңдау», «Канвас бизнес моделі», «Питч презентация» тақырыбында бірнеше қызықты, танымдық бизнес тренингтер ұйымдастырылды.

Тренингтерден кейін үміткерлер өздерінің идеялары бойынша Канвас бизнес моделін құрып, келесі кезеңге дайындалды.

21 мамыр күні, байқаудың қорғау кезеңіне өткен 18 жобадан іріктеліп үздік 16 жоба Атырау қаласында фестиваль форматында өтетін ширек финалға жолдама алды.