Ұлы Отан соғысның ардагерімен кездесу

4 мамыр күні «Экономика және құқық» факультеті, «Қаржы, есеп және аудит» кафедрасының ұйымдастыруымен 9 мамыр «Жеңіс күні» мерекесіне орай «Знаем! Помним! Чтим!» атты тақырыпта Ұлы Отан соғысның және еңбек ардагері Бирюкова Дина Борисовнамен кездесу өткізілді.

Бирюкова Дина Борисовна соғыс жылдарында Қырымның Симферополь қаласындағы жасырын-партизандық қозғалысының мүшесі болды. Сонымен қатар 1941-1943 жылдары мақта алқаптарында, әскери оқ-дәрі өндіру  фабрикасында еңбек еткен.