«Ұлттық код – руханият өзегі» атты семинар

3 мамыр күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында Yessenov University-де маңғыстаулық танымал ұстаз Ордалы Қосаймен  «Ұлттық код – руханият өзегі» тақырыбында онлайн-семинар өтті.

Онлайн-семинарға Yessenov University, Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеттерінің профессор-оқытушылары, студенттері, магистранттары және докторанттары қатысты.

Семинар аталған  жоғары оқу орныдарының ғалым-ұстаздары мен білім алушы жастары арасында пікірталас, ой бөлісу түрінде өтті.