Латын әліпбиінің тренері

«Қазақ филологиясы» кафедрасының профессоры Б.И.Нұрдәулетова А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «Тіл – құрал» оқу орталығының «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емле ережелері бойынша білімдер жүйесін меңгертетін тренерлер курсын» бітіріп, латын әліпбиін үйрету бойынша тренерлік куәлікке ие болды.

Курста латын негізді жаңа қазақ әліпбиін, жазу емлесін құрастырушы авторлар профессор Ә.Жүнісбек, Н.Уәли, Қ.Күдеринова, О.Жұбаева және т.б. білікті мамандар дәріс оқыды, жазу практикасы бойынша тренингтер өткізді.

Yessenov University-дің Халықаралық қатынастар бөлімінің ұйымдастыруымен латыннегізді жаңа қазақ әліпбиінің емле-ережелерін үйрету курсы басталады.