Күләш Шәмшидинованың жұмыс сапары

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ Басқарма Төрағасы Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова жұмыс сапарымен Yessenov University-ге келді. Университет ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов оқу орнының қызметі, стратегиялық даму жоспары, оқу базасымен таныстырды. Күләш Ноғатайқызының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында педагогикалық кластердің білім беру бағдарламаларын қалыптастыру мәселелері талқыланып, білім берудегi негiзгi трендтер, педагогикалық кадрларды даярлау мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың перспективалары аталып өтті.