Hitit Üniversitesi-мен ынтымақтастық

Чорум қаласында Yessenov University басшылығы Hitit Üniversitesi-де іс-сапарда болды. Университет басшылары кездесіп, кездесу барысында екі университет арасында интернационализацияны дамыту мақсатында ынтымақтастық түйіндері анықталды. Инженерлік мамандықтар және туризм бағыты бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алушылар мен қызметкерлерді тағылымдамадан өткізу және халықаралық бағдарламалар аясында жобаларға қатысу сияқты өзекті мәселелер бойынша келіссөздер жүргізілді. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы және халықаралық Mevlana бағдарламасы бойынша меморандумға қол койылды.