Геологтар күні

Геологтардың кәсіби мерекесіне байланысты шара өткізілді. «Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау» мамандығының студенттері Бегилдинов Сағат пен  Аманқос Абыз  Құрық селосында ағаш отырғызу шарасына белсене қатысты. Шара әр қарай Хан-Шахар салтанат сарайында жалғасын тапты,  ол жерде ардагерлер геологтарды құттықтап, олардың еңбек жолындағы қызықтары және қиыншылығы  қатар жүретін  геология мамандығы жайында сырласты. Сонымен қатар кәсіби мереке қарсаңында «Геология» кафедрасының ұйымдастыруымен телебағдарлама өткізілді.