Португалиялық «FIRSTLINK Shipping Group» өкілдерімен кездесуі

2018 жылдың 19 қаңтарында Ш. Есенов атындағы КМТИУ ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов Португалиялық «FIRSTLINK Shipping Group» басшысы JOAO MOITA және оның өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Елбасымыздың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы аясындағы логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру және цифрлық білім беру ресурстарын дамыту сұрақтары бойынша және теңіз мамандарын теориялық және тәжірибелік дайындықтан өткізуге арналатын теңіз оқу-жаттықтыру орталығын құру мәселелерін талқылады.