Факультет аралық «Жайдарман» іріктеу ойындары

20 ақпан күні университет қабырғасында факультет аралық «Жайдарман» іріктеу ойындары өтті. Ойынға барлығы 4 команда қатысты. «Барыстар» жайдарман топ мүшелері: Сағынтаев Дәулет, Фазылбек Абылай және Рахимов Абзал әділ қазылар алқасының мүшесі болды. Іріктеу ойындары қызықты және тартысты өтті.

Іріктеу ойындарының нәтижесі:

1 – орын иегерлері «Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық» факультетінің «Спартак» тобы, 2 – орын иегерлері «Экономика және құқық» факультетінің «Универсал» жайдарман тобы және 3 – орынға ие болған «Көлік және құрылыс» факультетінің «Есен бридж» жайдарман тобы.

Іріктеу ойындарының үздік ойыншысы атағына ие болған «Шахмардан шәкірттері» жайдарман тобының ойыншысы,  Дүйсенов Ғасырбек.