«Expo&Women» ұйымының өкілдерімен  кездесу

2018 жылдың 16 тамыз күні  Yessenov University басшылығы  Маңғыстау облысы бойынша Қамқоршылық Кеңесі төрағасы бастаған «Expo&Women» Халықаралық ұйым өкілдерімен  кездесті. Кездесу барысында  дөңгелек үстел ұйымдастырылып, «Expo&Women» Халықаралық ұйым өкілдері ұйымның жұмыс қызметімен таныстырып өтті. Сонымен қатар,  қазіргі таңдағы  ел экономикасының дамуына серпін беретін, әсіресе аймақтың  әлеуетін арттыруға септігін тигізетін бағыттардың бірі «Жасыл технология» бағытын Yessenov University ғалымдарымен бірлесе отырып дамыту жолдары туралы ойларымен бөлісті. Әрі қарай ұйым өкілдері Yessenov University теңіз оқу-жаттықтыру орталығының жұмыс қызметімен танысты, Университет аумағына  аязға төзімді Павлония (лат. Paulownіa) тұқымдасына жататын ағаштар  тұқымы отырғызылды. Кездесу соңында  «Expo&Women» Халықаралық ұйым мен Yessenov University арасында бірлесіп өзекті жобаларды дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.