Елбасының мақаласын талқылау

«Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы» Маңғыстау облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен «Бизнес және құқық» факультеті «Менеджмент» кафедраcының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттеріне арналған кездесу өтті.

Кездесу мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау және болашақ мемлекеттік қызметкерлерді «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Маңғыстау облысы бойынша филиалы» қызметімен таныстыру.