ҮЕҰ өкілдерімен кездесу

Yessenov University бас ғимаратында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында үкіметтік емес ұйым өкілдерімен және өңірлік офис қызметкерлерімен кездесу өтті. Шараға университет басшылығы, оқытушылар қатысты. Шара барысында бағдарлама аясында университет және үкіметтік емес ұйымдар арасында атқарылатын жұмыстар жөнінде талқылау жасалды.