Достық үйіне экскурсия

«Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасының оқытушысы М. Бағдатұлының ұйымдастыруымен «Жастардың толеранттық қөзқарасын қалыптастырудағы «Қазақстан халқы Ассамблеясының» (ҚХА) рөлі» тақырыбында Достық үйінде YESSENOV UNIVERSITY-дің студенттерімен ашық сұхбат форматында дөңгелек үстел жүргізіліп, экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында «өзара сыйластық пен төзімділікке, бейбітшілік пен келісімге негізделген қоғамдық қатынастар әлем сахнасында Қазақстанның шынайы имиджі» туралы мәселелер қарастырылды.

«Қоғамдық келісім КММ-нің» сарапшы маманы Арзен Асет Есенұлы «ҚХА»-ның тарихымен, мұрайжайымен, этнос өкілдерінің мәдениеті жайлы толық мәліметтер көрсетіп, кеңінен мағлұмат берді.