Дені сау ұрпақ – дені сау ұлт

Теңіз академиясының I,II,III курс студенттері Yessenov University спорт кешенінде “Дені сау ұрпақ – дені сау ұлт” атты фестиваль өткізді. Фестивальде кешенді жаттығулар, армреслинг, арқан тарту бойынша командалық жарыстар, сонымен қатар командалық эстафета өткізілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша 3 – ші орынды 2-ші курс командасы, 2 –ші орынды 3-ші курс студенттері, 1 – ші орынды 1-ші курс студенттері жеңіп алды.