«Ғылым қоры» АҚ (бұдан әрі – Ғылым қоры) NU Green Campus және «Назарбаев Университет» ДББ «Astana Business Campus» инновациялық кластерімен бірлестікте қазақстандық ғалымдар мен кәсіпкерлерге  ClimateLaunchpad 2019 халықаралық байқауына қатысуды ұсынады.

Байқауды Еуропалық одақтың климат және инновациялар облысындағы негізгі бастамасы болып табылатын Climate-KIC ұйымдастырған. 2019 жылы Climate-KIC байқауына 50 ел қатысады.

ClimateLaunchpad – «жасыл» технологиялар облысындағы бизнес-идеялардың аса ірі халықаралық байқауы, ол жаңғыртылатын энергия, азық-түліктің тұрақты өндірісі және қоршаған ортаны қорғау технологиялары облысындағы жобаларды енгізу арқылы қоршаған орта мен климатқа теріс әсерді төмендетуді көздейді.

Өтінімдер 2019 жылғы 15 сәуірден бастап 31 мамырға дейін қабылданады.

Нышанды толтыру және өтінім беру үшін https://climatelaunchpad.org/application-form/ сілтемесімен өтуге болады. Өтінім ағылшын тілінде толтырылады.

Толық информация yu.edu.kz сайтында